вторник, 29 октября 2019 г.

Алтын емелдің құпиялары




Бала кезімізде таудың артына жиналған құмға барып домалап ойнайтын едік.
Нұрбол Ханағатұлы суреті.
Ал, мынау әйгілі Айғай құм.
Бұл әнші құм туралы не көп аңыз көп. Соның бірі осында Шыңғыс хан мен оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктерін ұрпақтарына жеткізу үшін дыбыс шығарады-мыс.
Айғай құм дегенде шынымен айғайлайды деп ойлағам. Сөйтсе, құмнан сырғанағанда гуілдеген дыбыс шығады екен. Күнгейі мен теріскейі екі түрлі дыбыс шығарады. 8 шақырымға дейін созылып жатқан ерекше құмға келушілердің қарасы да көп. Кәрістер, немістер жүр. Сосын Жаркенттен біреу жүр. 
"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық паркінде біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырларда өмір сүрген сақтардың қорымы бар.
Нұрбол Ханағатұлы суреті.
Бес шатыр деп аталатын қорымдардың ең үлкені диаметрі 105 метр болса, биіктігі 17 метрге дейін жетеді.
Қорымдарда бір-бірімен жалғасқан жер асты жолдары бар. Ерекше салт үлгісімен жерленген орындардан алтын бұйымды әшекей, жебе, басқа да құнды көне заттар табылған.
Бір оба қазылып, реконструкция жасалған. Обаның ішіне түсісеңіз бөренелерден тұрғызылған екі бөлмелі мазар бар. Дәліз және жерленген бөлме. Сол жерде басқа мазарлармен жалғасатын жер асты жолдары көрініп тұр. Жұмбақ әрі тарихы тереңде жатқан Бес шатыр қорғаны құпиясын ішіне бөгіп бөктерде жатыр. 
Ал, Панфилов ауданы жанартаудың үстінде екенін енді білдім.
Нұрбол Ханағатұлы суреті.
Мына отырған жер тас емес. Жанартаудың қатқан лавасы. Алтынемел ұлттық паркінің Панфилов ауданы бөлігінде Қату тау, Ақтау деген керемет, ерекше таулар бар. Мынау Қату тау деген жері.
Атқылаған лавалар сол күйі қатып қалған. Сонша миллион уақыт өтесе де пішінін әлі күнге дейін сақталған. Қуыс иірімдері мен ойықтары бұзылмай ерекше көз тартады.
Маңғыстау өңіріндегідей өзгеше таулар Алматы облысында да бар.
Мыңдаған жылдар бұрын суретке түскен болсам пираттармен бірге теңіздің үстінде тұрар едім. Суы құрғаған жерлерде арна қалушы еді. Ал, мына жерде пішіндері өзгеше, үлкен таулар қалған. Мұнда теңіз жануарларының сүйектері көптеп кездеседі деседі. Таудың үстіне шықсаң бейне бір басқа жерде жүргендей күй кешесің.
Әйтеу Жаркентте емес.))
Нұрбол Ханағатұлы суреті.
Ақтау деп аталатын осы өңірде елу млн жыл бұрын алып қолтырауын, тасбақа, мүйізтұмсықтар өмір сүрген. Табылған қаңқа сүйектің бірі Алтынемел штабының шағын мұражайында тұр.Сонымен, Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі керемет жерлерді бәріңіз көре аласыз. Айғайқұм, Бес шатыр қорғаны, Ақтау, Қату тау басқа да тарихи жерлерді жеңіл көлікпен-ақ асықпай аралауға болады.Жалпы туризм саласындағы гидтер ең негізгі қазақ тілін меңгерген болса екен дейсің. 

#Жетісужауһарлары


среда, 9 октября 2019 г.

Мемлекеттік қызметтен интернет қызметіне көшу керек

Кең даланың кеңістігін емес, интернет кеңістігін айтайын.
Жақында пысықтау бір әйел жалдамалы пәтерінде отырып-ақ жергілікті әкімшілік арқылы мәселесін шешіп, жаңа пәтерге орналасып алды.
Жалпы қоғам арасында билік сөзі басымдық, үстемдік сипаттағы ұғымда. Шын мәнісінде билік дегеніміз мемлекеттік қызмет. Ал, мемлекеттік қызмет- халыққа қызмет!


Image result for мемлекеттік қызмет

Бұрын интернет кеңістігі жәй ғана ақпаратты оқу, көру құралы ғана болатын. 

Қазір керісінше бәрімізді ақпарат кеңістігі билеп отыр. Жұрт әділдікті содан іздейтін болды. Баршамыз соған бағындық, санасатын болдық. Өйткені бұрмалаусыз шындықтың көзіне айналып барады. Сол себепті мемлекеттік қызметте осы жаңашылдықтарға бет бұрды.

Мәселен, жаппай әкімдердің әлеуметтік желілерге тіркелуі халыққа үлкен серпіліс әкелді. Біріншіден, халықпен тікелей байланыс орнатуға себепші болса, екіншіден халық өзекті мәселелерді басшылыққа дер кезінде жеткізіп, оның оң шешілуіне ықпалын тигізуде. Тіпті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігі жоғарлады. Өйткені делдалдарсыз тікелей онлайн байланыс құрылды.

Image result for social media
Біз жақындарымыздың қайда жүргенін біліп отырған тәрізді өз аумағымыз бен еліміздің билік өкілдерінің не істеп жүргендерін біле алатын болдық. Жақындықты байланыстырып тұрған тағы сол байланыс жүйесі. 
Мемлекеттік қызметтің бұл жаңашылдығы әлі де жетілетін шығар. Виртуалды байланыс екі жаққа да тиімді. Тек, интернет өшіп проблемасыз қалғандай күй кешпесек екен. Проблема шешілмесе, жұмыста жүрмей қалды-ау.....