понедельник, 30 апреля 2018 г.

Бай-Өлкеге қалай баруға болады?

Бұрындары менен біраз жұрт "Бай-Өлке қай жерде?" деп сұрайтынды. Қазір енді "Қалай баруға болады ?" деп сұрайтын болды. Менің әлеуметтік желідегі суреттерім мен видеоларыма қарап сол жақтағы қазақтың дәстүрлерін, өмірін көргісі келетін жандардың қарасы молайып келеді. 
Фейсбуктегі парақшама сілтеме:
Youtubeтегі парақшама сілтеме:

Тіпті біразы кеңес алып барып та қайтты. Бұл өзге елдің туризмын дамытуға ат салысу емес, алыстағы қазақтың дәстүрін көріп, рухани жаңғырып қайтсын деген ниетғой. Егер баруға жиналсаңыз Шілде айында барсаңыз керемет кез. Жұрттың жайлауға орнығып, мал тойынып қымыздың бабына келген сәті. Ағайындардың тойы да көбейіп бір арқа-жарқа болатын уақыты. Көрем деп барға дүниелеріңіздің бәрін осылай көріп қайтасыз.




Нұрбол Ханағатұлы суреті.


Жалпы шет елге қыдырудың екі жолы барғой. 
Біріншісі:  Өз бетіңізбен жоспар құрып саяхаттасаңыз, 
Екіншісі: Арнайы турагенттіктердің көмегімен қыдыру. Әрине екіншісі қауіпсіз, сенімді болғанымен қымбатқа түсуі мүмкін.
Мен алдымен қарапайым өз бетіңізбен бару жолын айтайын. 
Бай-Өлке Моңғолияда дегеніңіз болмаса өзіміздің бір облыс тәрізді қазақ жер. Қазақша сөйлейтін қазақтан басқа ешкімді көрмейсіз.


Ол жерде аудармашы, көмекші, қорғаушы дегеннің қажеті жоқ. Бәрі қазақ. Жол сұрасаңыз көрсетіп, тіпті апарып тастайды. Жайлауда кез-келген үйге қонуға болады. 
Сонымен  Бай-Өлкеге қазір Алматы  мен Астанадан жеңіл көліктен бастап микроавтабус, үлкен халықаралық автобусқа дейін  барлық түрі жүріп тұр. 


Егер Бай-Өлкеге Астана арқылы бармақ болсаңыз фейсбуктегі осы топтан көлік табуға болады. Көптеген хабарламалар тұрады немесе "Баратын көлік керек" деп хабарлама қалдырсаңыз болғаны тауып аласыз. 

Ал Алматы арқылы барсаңыз осы топтан   қарауыңызға болады.



Алматы арқылы тұрақты жүріп тұратын бірнеше жүргізушілер бар. 

Өскемендегі жүргізушілер: 

Жалпы көлік мәселесі жоқ. Сілтеме арқылы өтіп кез-келген жүргізушінің бірімен хабарлассаңыз сізге көлік тауып береді. 
Жол  алыстау болғанмен жүргізушілер сенімді әрі қауіпсіз. Жолда қаламын деп ойламаңыз. Жол қаражаты қымбат емес. Алматы арқылы 15-18 мың аралығында. Астана арқылы 10-15 мың аралығында болса Өскемен арқылы 10-12 мың теңге аралығында. Ресей жерімен бір күн жүретін себепті шай, су,  асханаға деп  300-500 аралығында рубль алсаңыз жеткілікті. Қайтатын кезде де осы баға көлемінде. Ешқандай виза тіркелу қажет емес. Қолыңызда көк паспортыңыз болса жеткілікті. Сонымен жол көлік мәселесі тәмам.

Енді Бай-Өлкеге барғанда не істейсіз? 
Алдымен ақшаны есептейік. 
Ол жақта қазіргі курспен 1 теңге- моңғол ақша бірлігімен 7,5 төгрөг.  100 мың теңге апарсаңыз 750000 төгрөг болады.  Қонақ үйлер бағасы бір адамға (бір апта бұрын сұратқан мәлімет бойынша)  40000-70000 төгрөг  яғни орта есеппен 5000-10000  теңге аралығында. Қымбаттау десеңіз киіз үй бар. Бір киіз үй бір орын емес, бір киіз үй 4000-5000 теңге аралығында. Демек 4-5 адам осыншақты сомада бір киіз үйге қонуға болады. Ішінде 4-5 төсектері бар. Тамақ жайына келсек, не арзан ол жерде  тамақ арзан,  қымыз арзан.
Ірі Бай-Өлке, Алмалы деген ресторандарына, қымызханаларына  барсаңыз қазақтың иісі шығып тұр.
Орын жай осымен болса негізгі мақсатыңызға оралайық. Ол әрине жайлау. Әдетте Бай-Өлкеге барған қонақтар  ол жақтағы  бірнеше табиғи қорықтарын аралайды. Соның бірі  "Бес боғда" ұлттық паркі. Моңғолияның ең биік нүктесі орналасқан жер. Теңіз деңгейінен 4374 м. Бұнда Потанин атындағы мұзды өзен бар.


 Өлгий қаласынан  160 шақырымдай қашықтықта. Жақын болғанымен таулы жер үшін бұл қашықтық алыс болып саналады. Жолда көптеген жайлаулар кезігеді. Үй аралап, қымыз қыдырып  қазақтардың салт-дәстүрі тіршілігімен еркін таныса аласыз. 

Картинки по запросу western mongoliaКартинки по запросу western mongolia    
 Бірнеше адам болып барсаңыз көлік жалдап қыдыруға болады. Фейсбукта Бай-Өлке жұрты ашқан бірнеше жарнама хабарлама топтар бар. Соның ірісі осы топ:

Осында  хабарлама жазып көлік басқа да гидерлік қызмет түрін арзанға келісіп таба аласыз.  Өз көлігіңізбен барсаңыз жол сұрап -ақ жүре бересіз. 
Басқа да баруға болатын жерлер 
"Хотон нуур" көлі



Тұлба көлі

Похожее изображение


Бұнда жайлаулар мен баратын орындар өте көп. Ең алыс қашық жері 200 шақырымнан аспайды. Жайлаудағы қазақтардың үйіне қона кетсеңіз  кет демейді. Кеңес ретінде шағын шатыр алып жүрсеңіз жақсы. Ол жерде ауа райының төрт мезгілін қатар көруіңіз мүмкін. Киімді де екі мезгілдікін таңдаған жөн. Бастысы жайлауда үйлерді аралап қыдырғанда балаларға базарлық беруді ұмытпағаныңыз абзал. Сондықтан конфеті школад көбірек болса жақсы.

Туристік компаниялар ол жақта қызмет түріне байланысты әртүрлі баға айтып отыр. Өйткені олардың қызмет көрсету жұмыстары сала бойынша. Әрине сары түсті туристерге басқа бағада. Таныс тур агент иелері Қазақстаннан қонақ келсе бір аптаға бір адамға 400-600$ аралығында қызмет көрсетеміз деп отыр. 
Ресми сайты:
Фейсбуктағы өкілі:
Жалпы сұрақтар, ақпараттар, күтіп алу гид қызметтері туралы:

Кейбіреуі 1000$-ға дейін шығып жатыр. Онда күтіп алған сәттен бастап жатар орын, тамақ қыдырту, жайлауды көрсету негізгі қызмет түрлері қамтылған. Қазақпызғой дегенге келсе сөйлесемізғой дейді.
Ресми сайты:
Фейсбуктағы өкілі:

Сілтемеге өтіп сөйлесіп көрсеңіздер барлық сұраққа жауап ала-аласыздар.

Бұндай турагенттер көп. 
Негізгі танитындарын ұсындым. Егер гидерлік қызмет қажет десеңіз менімен де келісуге болады әрине)))
Бағаларын салыстырып келгенде жоғарыдағы турагенттің бағасымен жекелей барғандағы шығында аса айырмашылық жоқ болып тұр. Қысқасы 180-200 мың аралығында қорықпай кеңімен қыдырып келуге болады. Оны көп десеңіз алдын-ала ақпарат жинап, жолыңызды айқындап , барлық шығынды есептеп жүрсеңіз 120-150 мыңға дейін келтіруге болады.
Интернет байланыс түріне келсек өзімнің қолдануым бойынша UNITEL деген оператордың жаңа номерін алып, интернетке қостырғаныңыз абзал. Номерлер құжатсыз тура әрі уақытша сатыла береді. Бағасы арзан. 4G байланысы қосылған. Сол жерден тікелей эфирге шыға аласыз.
Ал Бай-Өлке туралы толығырақ көргіңіз келсе:  https://www.instagram.com/bai_olke/ инстаграм парақшасына жазылыңыз.

Әзірге қысқа да нұсқа осы. Басқа да сұрақтар болса 87071011871 номері арқылы білуге болады.


Комментариев нет:

Отправить комментарий