Жон жерде жон арқамды бермегенмін,
Қырауда өсіп қызара терлегенмін,
Тепкісін тағдырымның көрсемдағы
Ноқтасына асаудай көмбегенмін.
Салт өмірім қанымда құртша қайнаған
Керегемде дәстүр тарихым жайнаған.
Баба жолдан ноқтамды шешіп кеткем жоқ
Жүректегі бақан тіреу таймаған.
Керегемде дәстүр тарихым жайнаған.
Баба жолдан ноқтамды шешіп кеткем жоқ
Жүректегі бақан тіреу таймаған.
Қою сүттей тағдырым талай қайнаған
Бейбіт күннің басқа әлемі айналам.
Сыймай жүрген сағынышты жамбастап,
Киіз үйде бір аунасам жәй табам...
Бейбіт күннің басқа әлемі айналам.
Сыймай жүрген сағынышты жамбастап,
Киіз үйде бір аунасам жәй табам...
Комментариев нет:
Отправить комментарий