среда, 7 сентября 2016 г.

"Ұлты қазақ" деген анықтаманы сұратқандарға


Шеттен келетін қандастар азаматтық алатын кезде ұлты қазақ деген анықтама сұрататын. Бір қызығы сол анықтаманың жарамдылық мерзімі үш айға ғана жарамды. Содан үш айдан соң қайта сұратады. Сонда үш айдан соң шеттегі қандастардың ұлттылығы өзгеріп кетеме?  Қуандық Шамақайұлы

вторник, 6 сентября 2016 г.

Қарлы жотадағы жайлау...

Жон жерде жон арқамды бермегенмін,
Қырауда өсіп қызара терлегенмін,
Тепкісін тағдырымның көрсемдағы
Ноқтасына асаудай көмбегенмін.

Салт өмірім қанымда құртша қайнаған
Керегемде дәстүр тарихым жайнаған.
Баба жолдан ноқтамды шешіп кеткем жоқ
Жүректегі бақан тіреу таймаған.

Қою сүттей тағдырым талай қайнаған
Бейбіт күннің басқа әлемі айналам.
Сыймай жүрген сағынышты жамбастап,
Киіз үйде бір аунасам жәй табам...