Жолға шықсақ жетуге асығатын
жандармызғой. Алматының бірінші вокзалға асыға келсемде межелі уақыттан 30 минуттай
ерте келіппін. Күту залындағы орындыққа келіп жайғастым. Айналама алақ-жұлақ
қарап қоям. Қайшыласқан адамдар. Біреуі келіп жатыр, біреуі кетіп жатыр. Иә,
вокзал кездесу мен қоштасу алаңы. Отырғаным сол еді көзім вокзалдағы екінші
қабаттағы дәмханаға қарай баспалдақпен бірін-бірі сүйей көтеріліп бара жатқан
екі қартқа көзім түсті. Кеуделерінде медальдарыда бар екен. Баспалдақтан демеп
сүйеп шығарысып жібермейме екен деп, кіжініп қоям қасынан өтіп жатқан адамдарға. Олар
дәмханадан шәй ішуге кетіп бара жатыр білем. Менде сөмкемді иығыма іле салып
дәмханаға қарай беттедім. Білмеймін, әйтеу әңгімелескім келді.
Асыға арттарынан жеттімде:
-Ассалаумағалейкум-деп
қол создым.
Қапелемде амандасатын адамды
күтпесе керек, ет жеңді, қызыл күрең
бетті қария көз әйнегінің үстімен сүзе қарап:
Әліксалам- деп қалтырай қолын берді. Келесі қартта оң қолындағы таяғын сол қолына ауыстыра Әликсалам -деді.
Әліксалам- деп қалтырай қолын берді. Келесі қартта оң қолындағы таяғын сол қолына ауыстыра Әликсалам -деді.
-Қызым бізге шәй берші-дедіде,
столға жайғаса кетті. Менде қастарына отыра кеткенім сол еді, ет жеңіді күрең
бет ақсақал бажырая қарады. «Қаап, отырсам болама деп сұрауым керек еді»-деп
ойлағанымша:
-Кімсің? Неғып?-жүрсің деді.
-Сіздерге амандасайын деп
келгенімғой ата- дей салдым. Шынындада осы мен неменеге келдім деген ой сап ете
түсті.
-Әә, рахмет шырағым,- деп, алдындағы шәйын күріп етіп бір ұрттады аққұба
өңді, ат жақты қария.
Сонымен ет жеңді, қызыл күрең
бетті қарияның есімі Қағария екен. Жасы
83 те.
Ал, 85 жастағы аққұба өңді ат
жақты атаның ныспысы Қайриден.
Менің ойлағанымдай соғыс ардагерлері емес, еңбек
тыл ардагерлері болып шықты. Ақмола обылысының тумалары, Көкшетау қаласының
тұрғындары екен. 1941 жылы соғыс басталған тұста Қағария қария 9 жаста, ал Қайриден ата 11 жаста болыпты. Сұм
соғыс сол уақыттан бастап балалық шағын ұрлап өмірдің өзекті істеріне аяқ
басқызыпты.Ауыл атаулыдағы ер азаматтар соғысқа аттанғанда біз ауылыдағы апа-әпкелерімізге
көмектесіп жұмысқа шықтық -дейді Қағария ата. Аш жалаңаш, өгіз жегіп соқа айдадық,
қолымызбен арам шөп жұлып, масақ теріп, мал қайыратындымыз, Бала болып ойын ойнау дегенді білмедік, бар
ойымыз колхоздың жұмысығана болатын дейді. Жұмыс өңсе жеңістің күні жақындайды деген сана
болатын. Екі қарияның колхоздағы балалық
шағы (егер оқыған болсаңыз) Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат»
повестісіндегі Бердібектің колхозда істеп қиналаған жұмыстарын еске түсіреді
екен. Қайриден ата 1949 жылы армия қатарына алынып, кейін 16 жыл авиация
саласында қызымет етіпті. (Қандай қызмет екенін сұрамаппын) Ал Қағария қария
бар өмірін колхозбен, совхоздың жұмысына арнапты. Бар білімім 4 сынып болсада
адал еңбекпен төккен ащы тердің жемісі осы күнге жеткізді дейді. Алатын зейнет
ақысы 79 мың теңге екен. Кезінде 120 мен тоқтатқан дейді. (120 -сы кеңестік кездің
зейнет ақы тоқтату тәртібіғой деймін). Қайриден қария қырық мыңды қанағат тұтатын көрінеді. Мені 120
мен шығарған жоқ деді. Мемелекеттен
жәрдем ақы ретінде тыл, еңбек ардагерлеріне тағайындалған 3945 теңге алатын көрінеді. Әйтеу өкімет мәртебемізді
айқындасада ,ара тұра мерекелерде шақырып палаткалардың астына отырғызады да
тамақ беріп қоя береді, қоғамдық көлікте тегін жүргізеді басқа ештеме жоқ дейді
өкпелегендей. Бірақ бейбіт өмірдің еркін
күндеріне ырза. Адамдар қандай жағдай болсада өз беттерінше еңбек етіп өмір
сүріп жатыр. Кезінде ауыр еңбек, қара күш білекпен істелеген жұмыстарды бүгінде
техника өзіғана жасайтыны жаңа заманның
ұрпақтары бақыттығой шіркін-деп өзара
күңкілдесті...
...Тыңдаңыздар жолаушылар!
Алматы-Астана бағытына қатынайтын №3 пойыз 2-ші жолға келіп тоқтады...!
Аталарға рақмет, қош айтысып
менде пойызға беттедім.
Айта кету керек Биылғы Жеңістің
70 жылдық мерекеге орай 2015 жылға арнап өкімет 5,6 млрд теңге бөліпті. Аталмыш
қаражаттың ішінен еңбек, тыл ардагерлеріне бір реттік жәрдем ақы 25 мың теңге
тағайындалған. Адам қартайғанда бір бала деген. Қан мен тердің жемісін көріп
отырған біздер сол қарияларға құрмет көрсете жүрсек қарияда еленгеніне балаша
қуанбайма? Аз уақыттағы қарттардың әңгімесі
Бердібектің балалық шағы іспеттес көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты.
Пойыз ышқына арқаның төсіне
қарай бет алды...
Комментариев нет:
Отправить комментарий