Қазақ. Қазақтың қазақ деген атауығана бар емеспе? Бала кезімде
біреудің азан шақырып қойған атын басқа атаумен келеке етіп шақырушы
едік. Анамыз біреуге ат қойып айдар тақтың деп ұрсатын. Ат қойып айдар
тағу деген міне осы келекенің мазағы.
Әңгіменің әлқиссасы мынау болып тұрғаны. «Мал десең өзіңе тиеді, бәрі мал болып кеткен» деген
теке. Қазақ қайдада қазақғой. Сондығынан әлемнің әр түкпірінде қазақ
атауымен қазақтығын танытып жүр. Алайда сол жат жұрттан келген қандастар
өз отанына келгенде қазақ емес Оралман атанып жүргені,
болмаса қытай, өзбек, мұңғыл т.б кекесін атаулар тағыла береді. Міне ат
қойып айдар таққан әңгіменің төркіні осы. Менің анам бәріңе ұрыса
алмайдығой. Жалпы бұл ұзақ айтылып, талқыланып, жүрген тақырып. Мен
қанша бүй десемде бірдеме өзгере қоймас. Әйтседе көкейде жүрген сөздерді
бір сарқып алсаң жаныңда бір жәй тауып қалатыны бар. Блогтың бір
пайдасы осындайда тиеді әйтеу. Әйтпесе кімге барып, “жұрт осы сүйтіп
айтады, сенше қалай?” дейде алмайсыңғой... Жақсы жұрттар қазағын мейлі
Оралман десін, оралған десін...
Бүгінде оралман деген атау естісе көптеген жұрттың көзіне түйемен көшіп
жүрген қазақтар елестеп кетеді. Бұл бір танымалдық бренді іспеттес.
Шеттең келгенмін десең, сенен ‘ Осы сендер түйемен көшеді дейді, киіз үйде тұрады дейді распа?’ деп
таңдана сұрайды. Осындай сөзді үлкен адамдар қызғана сұрап жатады.
Сондайда қалай мақтанып кеткенімді де байқамай қалам. Алғаш студент
болған жылдары университет, жатақхана қабырғасында көптеген студенттер
қайдан келгенімді сұрайтын еді. Осындай Бай-Өлкеден келдім десең, ол қай
жақта? ұлтың қазақпа? деп көбі сұрайтын. Міне мәселенің бір ұшы сонда
тарихқа келіп тіреледі.
Әзіргі таңда қазақ еліндегі мектеп қабырғаларында оқытылатын тарих
пәндерінде шеттегі қандастар туралы дерек мүлдем жоқ. Әйтеу осындай
қуғын-сүргінде, осындай ашаршылық заманында, осындай жаугершілік кезінде
атамекеннен жыраққа көшкен деген там-тұм ақпарат бар. Бұндай дерек
бүгіңгі өскелең ұрпақтың санасына кері әсерін тигізетіні анық. Себебі
осындай мәліметті оқыған оқушылардың санасына шеттедегі қазақтар елін
сол кезде тастап, кетіп қалаған сатқындар деп қабылдайды. Тіпті солай
көзқараста да. Мұның арты қазақты қырқыстыруы да ықтимал. Жалпы мектепке
кіретін тарих пәніне шеттегі қандастар туралы ауқымды ақпарат еңгізсе.
Қашан? Қалай кетті? Не себеппен? Қай мемелекетте тұрады? Барлық деректі
ашып толық түсіндірмелер еңгізсе алдағы уақытта бүгіңгідей оралман десе
жиырыла қарайтын жас ұрпақтың өспейтіні анық. Жалпы адамдар бір
деңгейде, кемсітпей, бір ұлттың бір шаңырағында Қазақ болып өмір
сүргенге не жетсін. Менікі айтпадың демеңдер деген
әңгімеғой))))
Ханағат Нұрбол
Комментариев нет:
Отправить комментарий