суббота, 21 марта 2015 г.

Наурызды тойлаудың аясы тарылмасын десек...

Наурыз-күллі түрік жұртшылығының, соның ішінде қазақтың ұлттық төл мерекесі. Ұлттық  мереке болғасын әр адам оның қадыр-қасиетін, ерекшелігін, ұлттық құндылығын және оның  қалай тойлануын білуіміз керек. Иә, білетінде шығармыз  Наурызда адамдар көже пісіретінін, алаңға жарысып киіз үй тігетінін, ұлттық киімдер киіп өз салт-дәстүрімізді  өзімізге дәріптейтінімізді білеміз. Басқа не білесіз? Бұл бір сценарий еліміздің Наурыздан ұят болмасыншы деген  “ақкөңілдік”  пейіліғана тәрізді. Ал жоғарыдағы дәріптеулерді әр қазақ өз үйінде, өз ұрпағына өз ауылында күнде істеуге тиісті қарашаныңғ міндетіғой. Ұлттық мереке деген-өз еліңмен елдігіңді, ұлттылығыңды өзге әлемге паш ететін таптырмас мереке. Мұндай мейрамды әлемді өзіңе қаратып, шетелдік жиһанкездерді өзіңе тартатындай етіп тойласа Қазақтың мұрнын балта шабама екен? Наурыз-Ұлтты ұлықтайтын ұлы күн. Біз осы күндері Қазақтың ұлттық құндылықтарын қаншалықты ұлықтап жүрміз екен?  Қазақ деген-көшпелі өркениетті халықпызғой. 

Керегесін жайса орда болатын,












Атын жарыстырса алдына қара салғызбайтын, 

  






Атса құралайды көзге ататын, 














Алысса жауырыны жер иіскемейтін,  










Тартысса еншісіндей жұлып алатын, 










Аударысса жауындай төңкеретін,










Ілетін болса жерден жеті қоян тапқандай іле жөнелетін,










Қашса қызы жар табатын, қуса ері қыз алатын
















Айтысса сөзі сүйектен өтетін, 













Күйі күмбірлесе арқасы қозатын 
 
Өр рухты бай елдің мейрамыда осындай дүбірлеп аталып өтсе қазақтың не арманы бар екен шіркін! Барлық ұлттық ойындардан қазақтың бейнесі көрінетін спорт түрлері Наурыз мерекесінде неге айырықша дәріптелмейді осы дейімде? Алпамыстай алыптар айқасы Қазақстан барысын туған күнге құрмет етіп жазға апарып қойдық. Төрт аяғын тең басқан тұлпарлар жарысы Сағынайдың асынан кейін қазақ даласында болмады десем артық айтпаған шығармын.  Көкпарымыз Қырғыздарға өте жаздап жүрседе дәріптелуі жақсарып келеді. Қалған ұлттық ойындардың атауы таныс болсада қойылым ретінде кей жерлерде көрсетіліпғана жүргендей әйтеу . 
 
Шіркін, Наурызды қалада қиналмай қазақтың кең даласында тойласағой. Керегесімен пейілін кең етіп алты қанат ақ ордаларды тізіп тұрып киіз үй тіксе...  Аттарды бәйгеге жіберіп тастап, Қазақтың апайтөс барыстарын күрестіріп, бір жағынан Сарыарқаның күйлерін  күмбірлетіп қойып  тамашаларма еді. Қазақтың бойына біткен барлық ұлттық ойындарды осы күндері Республикалық жарыс ретінде кең далада жүргізсе қандай керемет болар еді. Әлгі Әбілғазы ибн Сина Ғидаяқати  (Шаншардағы) көкемнің Қырғыз-Қазақтардың ұлан –асыр тойы елестеп кетті-ау.   Біз Наурызды өзіміз қазақтарғана тойлаймыз. Оныда сол қаладағы алаңдағы сахна, параддық қойылымдар әр жердегі шағын топтардың ұлттық ойындар жарысыменғана шектеліп қалып жатады. Міне, Наурыздың тойлану ауқымдық аясының тарлығы осында.  Тауда өскесін тауға қарап ұлимынғой. Осындай көшпенді халықтың төл мейрамын кең далада бабамның дәстүр жолдарымен атап өтсек күллі әлемді өзімізге қаратқанымен қоймай қазақ еліне шетелдік жиһанкездердіде тарта алатынымызға дау жоқ. Әр қазақ баласы өз ұлтын сүйетін, ұлттық рухын оятып, ұлттық өнерін бойына сіңіріп өсетін болады. Менікі тау баласының Келінім саған айтам, қызым сен тыңда деген арманғой. 

Баршаларыңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақыт берекелі жыл болсын. ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАСАСЫН!!!

Комментариев нет:

Отправить комментарий