Бүгінде тек аузынан
Алласы түспейтін, тек бір жаратқанғағана сыйынған қазақпызғой. Жалпы біздің қазақи
қоғамға қатысты бір тың дүниелер яки мерекелер
болса біздің дін
осыны рұқсат етеме екен? деп зерттейтін болдық. Тіпті кейбір жандар жар салып
мынау біздің дінге қайшы, мынау Аллаға серік қосу деп, әр бір ісімізбен
сөзімізді таразылап анықтап беретін болды. Жақсы, бірден әңгіменің әлқиссасына
келсек.
Алда Жеңістің 70
жылдық мерекесі келе жатыр. Қазақ боздақтарының қаны тамған екінші дүниежүзілік
соғыстағы ерлігі ұшан теңіз. Соған орай ірі әкери шеру өтпекші. Біздің елде әскери шерулер жыл аралытып
мерекелердің құрметіне орай өтіп жүр. Қазақтың айбынын көріп көңілің бір марқайып
қалады әйтеу. Алайда бір сызықта сап түзеген қазақ сарбаздары Урааа! деп айбарлана
ұрандап тұрады-ақ.
Сырттан естіген біреу Ресейдің солдаттары деп қалатын шығар дейімде.
Жалпы әр адамның да өзіндік ұраны боладығой. Ал біз қазақтар ұрандаудан алдыға жан салмаймызғой шіркін. Бір
қарасаң бұл бір қазақтың қанына біте қайнасқан дүние секілді. Кешегі
бабаларымыздың өткеніне көз жүгіртсек олардың
ұраны өздерінің батыр бабалары сонымен қатар негізгі ұраны “Аруақ” болған. Мұны қазақтың кез-келген тарихи киноларынан көруге
болады. Егер тарихи романдарды көп оқыған болсаңыз сөзімді жоққа шығармайтыныңыз анық. Кейде әлеуметтік
желіде Аруақ сөзін ұран ретінде жазып жүрем. Біраз діннен хабары бар адамдар “Аруаққа
табынып, Аллаға серік қостың” деп жақамай жатады. Олардан “Ура- деген сөзді қазақша қалай атайсыз деп
сұрасам, Алақай десе болады дейді”. Қазақша
“ура” демей қалай ұрандасақ болады десек
айтарға тұшымды жауап жоқ.
Алақай-қуаныштың
сөздің белгісіғой. Бір қарағанда кішкентай баланың сөзі іспеттес.
Қазақта Аруақ деген сөз бар. Иә, аруақ о дүниедегі келмеске
кеткен пенде. Ал қазақ неге жауға
аттанғанда “Абылайлап, Аруаақ ” деп шапқан? “Өлі-разы болмай тірі байымас деген” . Қазақ
өлгенін арулап, дұға етіп құрмет қылған халықпызғой.
Неге Керей мен Жәнібектен
бастап Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай батырлар қазақ сарбаздары жауға шапқандағы ұрандары болды? Олар
қазақ үшін, ертеңгі ұрпағы үшін тәуелсіздігі үшін барын салды, жанын
пида етті. Ал олардың осы армандары әрдайым қазақ сарбаздарының ойында болды.
Сол үшін олар Абылайлады,Жәнібек деді сол үшін олар өз ұлтының батырларының есімін атап рухани күшпен жауға шапты. Міне, жеңістің жемісі осы
ұранда. Қазақтың қолданыстағы тіліне “Ура”
сөзі Кеңес одағынан бастап енді-ау деймін. Содан бастап уралап келеміз әйтеу. Ал
Қазақ қазақ болғалы оның ұраны батырлар есімімен Аруақ болған. Иә, өлген адам -аруақ. Аруақ ұраны-жаугершілік замандағы елі үшін қаза тапқан кез-келген қазақтың ұланына
арналған құрмет. Сол себептіде “Иә,
Аруақ қолда” деп олардың қолдауын сұраған, оларға дұға етіп құран бағыштаған. Өлген адамнан қолдау сұраған Аллаға серік
қосу, оның барына күмән келтіру
дейтіндер қаншама? Бәлкім діни заңдарда солай шығар. Бұл бір талқылауы дауға түсетін тақырып.
Алайда атам заманнан
бері қазақтың ұраны Аруақ болған. Бұл-ақиқат. Кешегі қазекем сол кездері Ислам дінін бүгіңгі кей дүмшелерден артық оқып білген
десем артық айтпаған шығармын. Егер дініне қарама қайшы болса сол кезде-ақ Аруақ сөзіне
билер мен жыраулар, имамдары тыйым салғызар еді. Бүгінде өз тегіңнің батыр есімімен ұрандасаң басың
бәлеге қалады. Ойбай руға, жүзге бөлініп жатыр онсызда аз едік деп, айқайға
басамыз. Жәрайды руымызбен тегіміздің тектілерін ұрандамай-ақ қояйық. Бірақ
қазақтың атойлы ұраны- АРУАҚ. Ана тілімізді тазартайық таза қазақша сөйлейік
деп жүрмізғой ендеше Ура сөзінің орнына Аруақ деп ұрандаған
дұрыс. Келіспесеңіз патша көңіліңіз пақырыңызды сөкпес. Орыстың жүз грамын тартып алыңызда Уралап
жүре беріңіз. Әскерлеріміз ел алдында “Ураа”
дегенненгөрі “Аруаааақ” деп ұрандаса
кешегі батырлар көз алдымызға елестейтіні анықғой. Аруақ ұраны-ел жолындағы
қапыда кеткен боздақтардың құрметі үшін....
АРУАҚ! АРУАҚ! АРУАҚ!