понедельник, 19 августа 2019 г.

Құдай бұлақтың көз жасы

Биыл жазда үш мемлекеттің әсем сарқырамасын көрдім. 



Ал, осы жолғы көрген сарқырама тым ерекше, өзгеше.

Талдықорғаннан сарқырамаға дейін 130 шақырымды алты сағат жүрдік. Алты сағат амиго...
Мына іргедегі жеңіл көлікпен баратын Алакөлге қиналып жүргендер барғой.
Алтайдың жоталарында жолдың түрін көрсекте, бұл жол ерекше. Бірақ, жол бар.

Экстремалды саяхатпен, әсем табиғатты жақсы көретіндер үшін бұл ештеңе емес. Жетісудың керемет табиғатына тамсанып отырып-ақ, жолды еңсеріп тастауға болады. Әйтседе, жолда бүйрек бауырыңыздың қайда жатқанына назар салып отырсаңыз жеткілікті.
Алатаудың қойнауында мұздай Қора деген өзен арқырап ағып жатыр. Сол өзеннің айырықтары Жаркентке дейін барып, әлгі мен бас жазып жүретін Өсек өзеніне айналып кетеді.
Аңыз бойынша Қора есімді тәкәппар қыз болыпты. Бұрхан деген азамат осы қызға ғашық болған. Бірақ, анасы екеуінің қосылғанын қаламай, ұлын тас сарайға қамайды. Алайда, Бұрханның тасыған махаббаты суға айналып, Қораның өзеніне қосылып ағады-мыс. Ал, осы сарқырама жанындағы ағып жататын жылға анасының көз жасы,-деседі. Аңызғой.
Бурханбулаг- моңғол тілінен аударылғанда Құдай бұлақ деген сөз.
Бұрхан бұлақ сарқырамасының биіктігі-168 м. Таудан құлай аққан судың дыбысы әп сәтте жаныңды сергітіп, жолдағы шаршауыңды тез басады екен. Биік таудың үстінен айналаны тамашалау ерекше ғанибет. Биікке шығуды аңсап жүргендер алдымен әсем табиғатты биіктен тамашаласа мемлекеттің қадірін біліп қалар. 
Жетісу жерінің жер жәннатының бірі болған сарқырама- Орта Азиядағы ең ірі сарқырама.

Қысқасы, қазақ "Ит өлген жер" деп-ақ, талай жерде көшкенғой. Бұрхан бұлақ сарқырамасын бір рет көрсеңіз мына пәниден ырза өтерсіз. Өйткені, орысша айтқанда стоит... 


Сарқыраманың орналасқан жері:  https://maps.app.goo.gl/zDyQixZjkNJRU6bY7

суббота, 10 августа 2019 г.

Бай-Өлке- Моңғолияның Шымкенті тәрізді


Өлгийдің әрбір үйінде Қазақ елінен келген қонағы бар. Жаз келсе екі елдің шекарасынан қайшыласқан қандастарды көресіз. Бірі торқалы тойға келсе, бірі топырақты өлімге келе жатқан ағайындар. Құдайға тәубә, бұл өлкенің жазы тоймен өтеді. Біз той десе Шымкентті айтып шыға келемізғой. Ал, мұндағы той-өзгеше той. Дәстүрлі той. Тойы тау бауарайында ұлттық дәстүрде өтеді. Ерейментаудың етегінде өткен Сағынайдың асы тәрізді дүбірлі мереке мұнда күнара өтуде. Той мен емес, ас беріп жарысады. Ұлттық келбетін айшықтап, төл өнерін жаңғыртады.

Жайлау- болмысы бөлек, шынайы орта. Пейілі кең, жүзі жылы, салқын далада киіз үйде пеш басында жылынып отырып, балқаймақпен шай ішуде ғанибет. Көненің көзі, салиқалы әңгімесі, елжіреген мейірімдері бәрі ерекше. Кешегі өзім аттанған ортаның дәстүрі, өрнегі сол қалпы. Биесін байлап, сары қымызды сапырып отырған сахараның көрінісі қазақ дәстүрлерін сақтап отырған соңғы самурайлар тәрізді. Әлемдегі тарыдай шашылған қазақтардың ішіндегі ең ұлттық болмысын, қазақы келбетін сақтаған өлкеге бүгінде қазақтар өзіміз де, өзге мемлекеттер де қызыға, тамсана қарайды.
Өрісі көктеп, өресі кеңейген өлке- Моңғолия астанасынан кейінгі ірі экномикалық, дамыған аймаққа айналған. Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз өлкелерін көркейткен өңіден не бір министрлер, қалталы кәсіпкерлер, спортшылар, мықты саясаткерлер шығып жатыр. Ел ішіндегі өзге ұлт өкілдері болса да елдіктің, татулықтың туын бірге ұстап, бір ел болып көшпелі өмірдің салтын бірге дәріптеуде.

Бай-Өлке-  Ресей және Қытай елімен ғана шекараласады. Сондықтан өңір кәсіпкерлері осы екі елмен ғана сауда экспорттайды. Қазақтың небір мықты қолөнер брендтері әзірге осы екі елден соң ғана бізге жетеді.
Ресейдің Моңғолиямен шекаралас Ташанта шекаралық бекеті Орта Азиядағы ең қатал бекеттің бірі. Қазақ елі мен Бай-Өлке тұрғындары осы бекет арқылы өтеді.
Сондығынан ба әйтеуір осы кісілерге келгенде орыстар  қатаң жұмыс істеп қалады екен.
Мемлекетаралық достық қарым қатынас жайлы сөз қозғалғанда өзің таң қаласыңғой. Құдды құдалар сияқты сыйластықта дейді-мыс.
Достықта  шекара жоқғой. Деседе, екі ара ағайындардың достығы талқыланғанда ортасындағы орыстарменде келісу керек тәрізді Әйпесе, шекарадан өткен қазақтардың бір түйір дәндеріне қол салғанды көрдік.
Біз орыстың Ладасын мініп, отандық көлік деп мақтанып жүргенде ол жақтағы ағайындар Лэнд Круизермен ойнап жүр.

Қазақы өлкенің саяси құрылымдары, басшылары қазақ болғанмен негізгі күштік құрылымдары моңғолдардың қолына ауысқан. 
Әрине, бұл да ойлантатын мәселе. "Үй артында кісі бар" дейтін әр қазақ татулық пен бірлікті қатаң ұстануы керек. Суын ішіп отырған елдің тіліне, дініне, мәдениетіне, адамдарына құрметпен қарауы керекғой. Ол жақтағы әлеуметтік желілерде әлсін-әлсін қазақ-моңғолдардың араздықтарын байқап қаламыз. Бір қазақтың артық сөзі бір ұлттың маңдайына күйе жағуы мүмкін. 
Дәстүріміз, салтымыз қандай таза болса, санамызда солай болуы тиіс.

Кеңқолтық, киіз туырлықты көшпелі халық әрдайым тату болcа төрт құбыламыз тең болар еді! 

Ал, Бай-Өлке- әрдайым Алаштың бір бұтағы.

Басқада қызықты фото, бейнематериалдар әрдайым төмендегі сілтемелерде:



Суреттер төменде...