среда, 17 октября 2018 г.

Германияға жалданған Корей елі қалай өркендеді?


Оңтүстік Кореяның президенті іс-сапарға баратын ұшақ таппай қиналған ел қалай өркендеді?

1961 жылы Оңтүстік Корея Республикасы Азияда ең кедей мемлекеттердің қатарында болды. Оларда байлық та, ақша да болмады. Осы жағдайдан шығып, елді өркендетуді ойлаған олар сол кездегі Германия (федеративті) еліне елшісін жіберіп, қарыз ақша алуға қол жеткізеді. Ақшаны тегін бергісі келмеген немістер елдеріндегі тапшы жұмысшы саласына оңтүстік Кореядан шахтаға және медбике қызметіне адамдар сұрайды. Осы келіссөз нәтижесінде Корея еліне 100 млн доллар қарыз ақша алады. 
Кәріс үкіметі елінен тығырықтан шығу үшін халқынан жалдамалы жұмысқа баруын өтінеді. Мектепті енді бітірген жеткіншектен бастап орта жасқа дейін 46000 азамат жұмыс істеуге тілек білдіреді.
Еңбекке жарамды қыз- жігіттер елінің қарызы үшін естіп, білмеген Герман еліне аттанады. Шамамен 8000-ға жуық шахтер, 10000-ға жуық медбикелер әр жылдары Германияда еңбек етеді.





Суретте: Шахтадағы кәріс жігіттері мен медик қыздар

Сол кезде әлемде ең ірі еңбек мигранттар еліне айналған елдің әйелдерін немістер қыр, таулы жердегі аймақтардағы емханаға жібереді. Олардың жұмысы өлген адамдардың денесін жуып тазалау еді.
Ал, еркектерді мың неше метр тереңдіктегі қапырық көмір шахтасына ауыр жұмысқа салады.

Немістер күніне 8 сағат жұмыс істегенде, кәрістер 10 сағаттан астам жұмыс жасайды. Германия баспасөзі кәріс жұртының еңбекқорлығына ырза ниете көптеген мақала, жаңалықтар шығарады. Бірнеше жылдан соң 1963 жылы Германияның президенті Генрих Любке Оңтүстік Кореяның президенті Пак Жон Хиды ресми кездесуге шақырады. Ол кезде аяқтан тұрмаған кәріс елінде президент ұшағы деген болмаған. АҚШ арқылы ұшаққа билет тапсырған Пак Жон Хиды америкалықтар билікті әскери төңкеріспен басып алғаны үшін билет беруден бас тартады.
Бұны естіген Германия Кәріс еліне ұшақ жіберіп, Пак Жон Хиді өздері алдырады.






Пак Жон Хи

Пак неміс басшысымен бірге ең әуелі шахтамен емханада жұмыс істеп жатқан отандастарымен кездесуге барады. Ресми сөздің алдына ойналатын әнұранда кір жұмыс киіммен шаршап, қарайған отандастарын көрген Пак сілейіп тұрып қалады.


"Біз болашағымыз үшін барымызды салып еңбек етейік" осы сөзді тамағына тас тығылғандай булығып әрең айтады.

"Мемлекет кедей. Сол себепті жастарымыз мыңдаған метр тереңде шахтада ауыр жұмыс істеуде. Өліктерді тазалап жүрген қыздарымыз бәрі бәрі еліміздегі аш халықты ойлап еңбек етуде. БІЗ бұның құнын еш ұмытуға тиісті емеспіз!" деп көзіне жас алады. Бұны естіген жұмысшы отандастары да егіліп жылайды. Қасындағы Генрих Любкеде мұны көріп көзіне жас алып, көмек ететінін жеткізеді.



Германия парламентінінің алдына сөз алған Пак:
Бізге ақша қарыздаңыздар. Корея социалист елді жеңу үшін экономикасын аяқтан тұрғызуы керек. Ол үшін ақша қарыздаңыздар. Біз міндетті түрде қайтарамыз. Кәріс елі ешқашан өтірік айтпайды. Біз социалист елдерді жеңуіміз керек" дейді. Германиядан сәтті қаржы көзін тартқан кәріс елі 1965 жылдан бастап аяққа тұра бастайды.
Өзінің жауларын экономикасымен жаулаған еңбекқор Оңтүстік Корея бүгінде әлемдегі ең ірі дамыған мемлекеттердің қатарында. 
1962 жылы жалпы ұлттық өнім жан басына шаққанда 82$ болса 2016 жылы бұл көрсеткіш 47000$ жеткен.








PS:
100210 шаршы метр аумақты алып жатқан елден біздің Алматы облысы әлдеқайда ауқымды 223911 шаршы метр.