понедельник, 28 мая 2018 г.

Сумошылар неге ішеді? Айлығы қанша?


Картинки по запросу сумо

Кәсіпқой сумо күресінде жеңімпаздарға берілетін сыйлықтар өте көп әрі қызықты. Сумо сыйлығын ешқашан әйел адам тапсырмайды. Ешқашан дохёға яғни сумошылар күресетін алаңға әйел шықпайды.

Сумо күресінің бас төрешісі яғни гёдзидің беліндегі пышақтың маңызы. 

Нұрбол Ханағатұлы суреті.

Сумо күресінің ережесі бойынша гёдзи теріс төрелік етсе біздіңше бұра тартып жығып берсе өзін осы пышақпен жазалауы тиіс! Бұл Самурайлар тәрізді гёдзилар да "харакири" жасауға дайынбыз дегеннің белгісі екен. Сумо көрермендері мен сумо палуандарының сенімі үшін әрқашан әділ төрелік етеміз деп көңілдеріне сенім ұялату үшін дохёға (сумо күрес алаңы) осы пышақты беліне қыстырып шығады. Негізі шынайы темір пышақ төрешінің үйінде сақталады. Ал гёдзидің беліндегі бамбуктен жасаған пышақ.
Гёдзи теріс төрелік еткен жағдайда үйіне барып харакири жасайды дейді. Әділдік деген осы. 

Негізгі сыйлық.
Жапония императорының кубогы.


Оны Сумо басқармасының басшысы табыстайды. Кубоктың салмағы 29 кг. 
Жеңімпаз туы және 10 млн иен беріледі. Теңгемен 30 млндай сома. Кейін бұл тумен көшеде жеңіс шеруін жүріп өтеді.

Жапония премьер министрінің 41 кг салмақтағы кубогы. 


Бұны әртүрлі билік өкілдері келіп тапсырады. Кей жағдайда бас уәлидің өзі келеді.
“Майничи шимбүн” газетінің сыйлығы. Жеңімпаз балуанның үлкен көлемдегі суреті беріледі.

Кейін дәстүр бойынша NHK телеарнасына сұхбат береді. Арықарай марапаттау рәсімі алаңда бір сағатқа жуық жалғасады.
Шет мемлекеттердің тағайындаған сыйлықтары.
Чехия елі әйнектен жасалған кубогын және Pilnser сырасын бір жыл тегін тұтыну дұрысы ішу мүмкіндігін береді. Иә, амиго бір жыл тегін ішесің.

Біріккен Араб Әмірліктері үлкен кубок және бір жыл бензинді тегін пайдалану талонын сыйлайды.
Мексика тағы да кубок және Corona сырасын бір жыл ішуді ұсынады.
Бұдан басқа Франция, Болгария, Қытай, Моңғолия көптеген мемлекеттер үлкен- үлкен кубоктар және өздерінің ұлттық тағамдары, әртүрлі көкеністерді бір жыл тегін тұтынуға тарту етеді.
Енді Жапонияның ішкі аймақтарының сыйлықтарына келсек.
Токио мэрі сыйлықтарын 1,5,9 айлардағы күресте береді.
Айчи штаты: 100 кг тауықтың еті, 1800 жұмыртқа, 50 мың бөдене жұмыртқасы және жергілікті брэнд тамақтарын бересе, Осака штаты: Сиыр еті және сакэ брендісін тарту етеді. Сакэ- жапон арағы. Алкогольдік көлемі- 15%.
Фүкүота штаты: Кубок, жергілікті жердің күріші, теңіз капустасы, жүзім дегендері бір жыл тұтынуды ұсынады.


Тізе берсе көп. Барлық штаттар, аймақтар өздерінің брэнд тамақтарын тонналап ұсынады. Балық, күріш, шай, жеміс- жидектер, сыра, арақ, суысын т.б көптеген өнімдерді сыйлайды. Оның сыртында телеарналар, газеттер, компаниялар ақшалай сыйлық, кубок басқа да дүниелерін тарту етеді.


Сумодағы балуандардың айлық табысы.

Картинки по запросу хакухо сё

2017 жылдың соңғы мәліметі бойынша.
ЁКОЗҮНА- ең жоғарғы атақ Чемпион- 2.820.000-иен= 8.431000 тг
ОЗЕКИ 2.350.000-иен= 7.026500 тг
СЕКИВАКЕ 1.700.000 иен= 5.083000 тг
КОМҮСҮБИ 1.700.000 иен=5.083000 тг
МАГЕШИРА- ең жоғарғы алаңында күресетін бірақ атақ дәрежесі жоқ элиталы балуандар- 1.300.000 иен=3.887000тг көлемінде айлық алады. Сонымен қоса турнир сайынғы жеңісте алатын  ақшалары тағы бар.
Бұдан төмен тағы бірнеше деңгей бойынша күрес алаңдары бар. Олар жақсы нәтижеге қол жеткізсе жоғарлап, элиталы алаңға шығып күреседі. Егер Озэки элиталы алаңда өз атағына сәйкес күресе алмаса атағынан айырылып, төменгі дәрежеге түседі. Солай әрбір балуандар қандай атақ алса сол атаққа сай күреседі. Өйтпеген жағдайда атағынан айырылып, төменгі сатыдағы алаңға бірақ түседі. Қысқасы шиголдармен күресіп жүреді деген сөз. Ал Ёкозүна атағынан айырылмайды. Өз деңгейінде күресе алмаса ол сумодан бір жола кетуі тиіс. Жалпы сумоның заңы қатал. Тәртіпке бағынбаса жазасы қиын. Доп ойнауға, төбелесуге, машина айдауға болмайтын көптеген заңдары бар. Бірақ ішуге болады. Сумода атақ-дәрежесі төмендерге әлімжеттік жасауға болады деседі. Жалпы 2500 жылдық тарихы бар сумода турнирде ең көп жеңген балуан Моңғолиялық Ёкозүна Хакухо Даважаргал. Ол 40 мәрте Жапон император кубогын иеленген.

Картинки по запросу хакухо сё
 Ал Жапондықтардың өз сумошысы 32 рет Жапон император кубогын иелененіпті. Ёкозүна Хакухо 2020 жылғы Токио  олимпиадасына дейін күрессе бұл рекорды әрбір турнир сайын жаңармақ. Қазір сумодағы ең мықты балуандар осы Моңғолиялық сумошылар. Бір Моңғолияның өзінен қазір 4 Ёкозүна шыққан. Сумода тек әділеттілік ғана бар. Кім мықты сол күреседі. Әлсіздерге ешқашан орын жоқ. Атаққа лайық жүріп, соған лайықты күресу міндет.Сумо туралы көп айтуға болады.Әзірше қызықтысы осы. Қазақтан бір Ёкозүна шықса деп тілейік.