Тәуелсіздік!
Тәуелсіздікті айтқан сайын маған орыстардың үстемдігін асқақтатқандай көрінеді.
Өз басым Тәуелсіздік деп тәу ете бергім келмейді. Моңғолияда туып, сол жақта өссем де тәуелді болып көргем жоқ. Тілім, дінім, дәстүрім, қазақылығым қалпында болды. Бәлкім Тәуелсіздікті мен айтуым керек шығар. Өйткені басқа елден өз еліме келдімғой.
Біз ұрпақты патриоттықа, ұлтшылдыққа тәрбиелейміз деп Тәуелсіздікті көп айтамыз. Былай ойласаң тәуелсіздіктен ары ештеме жоқтай көрініп қалады. Сонда Тәуелсіздікті кімнен, қалай алдық? Біз біреудің меншігі, басы байлы құлы болдық па?
Қазақ- қазақ болғалы тіліміз, дініміз, дәстүріміз өлмедіғой , өшпедіғой. Сол- Қазақпыз.
Қытайлардың қармағында екі жүзден астам жыл болған Моңғолия тәуелсіздік деп қақсап көрмепті. Олар тәуелсіздік мерекесін Шыңғысхан елдік, хандық дәуірді құрған кезеңнен бастады.
Сонда біз де тарих, ел болған хандығымыз жоқ болғаны ма? 1991 жылға дейін ешкім болмағанымыз ба? Мен үшін Тәуелсіздік- елдің ірге тасы қаланып, хандық құрған кезімізден бастау алғаны.
Ал бүгінгі күн- Жаңа дәуірдің жаңа ұлы мемлекеті болып құрылған күні.
Тәуелсіздгімізден айырылған жоқпыз. Орыстың кесірінен тек елдік, жеке байрақты мемлекет болуымыздан уақытша шектелдік. Тәуелсіздіктен айырылған болсақ Кенесары хан, Амангелділер патшаға қарсы шыға ма? Алаш орда қазақ шекарасын шегелей ме? Желтоқсан көтерілісінде қазақтар алаңда "Қазақ" деп атойлай ма?
Қазақтың Тәуелсіздігі- 1465 жылдан басталады.
1991 жылы 8 желтоқсанда Кеңес одағы ыдырады. Ал 16 желтоқсанда біз "тәуелсіздік алдық"!
Кімнен?
Еркін ойлау, еркін сөйлеу, бағынышты болмау - Тәуелсіздік деген сол!