суббота, 25 марта 2017 г.

Қазақ хандығы сериалындағы алакөз кемпір мен менің көзім

#Қазақхандығы

Сонымен Наурыздан қалған соңғы сүйектер мүжілді. Енді тісімді шұқып жатып, "Қазақ хандығы" фильмі жоқ сериясы жайлы бүй дегім келіп тұрғаны.








Жарнаманың арқасында  5-6 серияны он серияға жеткізіп біраз кемшіліктің артын  жаптық. Киноның әдемілігі мен деңгейі ең бірінші әрине қаражат көлемімен өлшенеді.  Ол жерде мықты сценарий, мықты тарих, мықты актер болса да арзанқол дүние жұпыны  көмір ұсақтағанда киетін көбенте тәрізді жыртық көрінеді. Киноның басты мақсаты: Ұлттық идеалогия, рухты көтеруге басымдық берілген деп еді.  Идеалогиясына базар жоқ. Нұр Отандықтардың сайлау алды бағдарламасына дейін қоса жүр.











Ал, Рух..?
Өз басым басым пульті мен тақымымды қысып, "Иә, Әруақ" деп рухтана алмадым. Керейханды хан етіп, ақ киізге дұрыстап көтеріп, ұлықтай алмағасын қайдағы рух? Көшпелі қазақтар ешқашан әппақ болып, боянып жүрмеген.  Жотада тісін шұқып, қызыл еттің нілімен қызара бөртіп, қара құлақтанып жүрген. Әлі солай. Кинода тарихтан сәл ауытқулар бар деді. Шайбани шах пен Есенбұғаның ортасында тоқалдан туғандай қазақтар тентіреп жүрді. Есенбұғаның алдына барып қазақтар жер сұрағанда пультті шұқыдым. Рухты көтерсе, ұлттық идеалогия болса  Қазақтың абыройын осылай түсірмесе керек еді?! Қысқасы енді бұл сериал жалғасын тапса үкімет қомақты қаражат бөліп, масштабы жоғары дүние жасауы тиіс. Ал, үкімет өздерінің шайынан артылған тиынын берсе бұл сериалды түсіріп қажеті жоқ. Одан да "Орбұлақ", "Аңырақай" шайқасы тәрізді тарихи оқиғаларды екі сағаттық кино етіп түсірген баяғыда артық.
Сериал жалғасын тапса Рүстем Әбдірашов Қытайлық режиссер Ван Вэньцзенің 30 сериалды "Шыңғыс хан" киносын көрсін. Көретін қажетті дала бейнелері сонда. Тізбектей берсең ақыл шыға бередіғой. Менікі қарын тойғанның әңгімесі.  Бірақ қарыны менен артық тойған елдің киносы бұлай болмауы керек еді.

















Айтпақшы, кинодағы мына апаның көзіне менің де көзім ұқсас, алкөздеумін. Осы апа тәрізді менде бұл киноға осы көзбен қарадым. Бұл, ақыл сын емес, көрермен ретіндегі пікірім.
Ал, сіздің көзқарасыңыз қандай болды?
#ХанағатНұрбол