Әлеуметтік желідегі жарияланатын суреттеріме біраз жұрт альбом болмаса көрме етіп шығарсай дейтін. Барлық суреттің авторы өзім емес әрі авторларын білмегесін ондай ету болмайтын дүние. Малды да барымталап қайырған қазақпызғой. Сол үрдіспен суреттерді де барымталап жеке парақшама тұздықтай жариялай саламын. Суреттен өткеніңізді көрсеңіз мен де суретке қарап өткенді де бүгінгіні де салыстыра бір ауыз сөзбен бүй дегім келеді. Суреттердің барлығы шеттегі Бай-Өлке аймағындағы қазақ ағайындардың көшпелі өмірінен түсірлген. Төмендегі жазбаларым мен суреттер бір-екі ай ішіндегі жазбалардан ықшамдап алынғандары. Қажет десеңіз барлығын бөліп жариялап отырамын. Толығырақ көргіңіз келсе https://www.facebook.com/nurik.khanagat парақшасын қарай жүріңіз.

Қазақтар аңқау болған. Сосын түлкі тымақты көп киіп қазір қу болып кеткеміз.
Қасқырдың ішігін кигенше, тымағын тігіп кию керек еді...
Қансонарға қызыққан қазақпызғой. Түнімен жапалақтап жауған ақ ұлпа қарда таңғысын аңға шығу әр қазақтың арманы емей немене? Қиқулай із қуып, қанжығалы қызара бөртіп қайту бізге ғана тән еді...
Қазір қан сорарға қызығып кеттік-ау деймін. Біреудің ізіне түсіп, барынша қиқулай артын ашу, қанжығасын майлауға біреудің тағдырын "аулай" салу тән болып кетті...
Барымызды өзіміз түгендеп, өзіміз сойып жейтіндіміз. Есеп қисабыңа шалдардың өзі жүйрік. Ертеңге деп төлі қалатын...
Қазір де барымызды барынша түгендеген боламыз. Бірақ жейтіндер көп-ақ. Тым болмаса ертеңге ештеме қалмайтын тәрізді.
Бардың бас-аяғына шыға алмай келеміз...
Қазір де барымызды барынша түгендеген боламыз. Бірақ жейтіндер көп-ақ. Тым болмаса ертеңге ештеме қалмайтын тәрізді.
Бардың бас-аяғына шыға алмай келеміз...
Аузынан ақ көбік ағып, жынын шашса да түйенің көтерер жүгі, адал еңбегі бар.
Қазір кейбір басшылардың аузынан ақ көбік ағып, жынын шашып сөйлейтіні бар. Солар жауапкершіліктің жүгін арқалап, адал еңбекпен жүрсе менде ол "түйелерді" түсінемғой...
"Шаңырағың биік болсын"- деген тілек болушы еді. Иә, әр қазақтың өзіндік шаңырағы, отбасы бар. Еншісін бөлген отаудың да өз үйі болатын...
Шүкірлік. Ел болдық, шаңырақ көтердік 25 жыл болды. Бірақ, әр қазақ өзге жұрттың шаңырағын жалдап қазақ болып жүрміз. Жасампаздықтың жалған тойын ту етіп келеміз. Мәңгілік ел деген бұлай болмайды негізі...

Шыңылтыр аязда анда- сонда қолыңды аузыңа апарып "аh" деп үрлеп қоясың. Кешке қарай сырттың жұмыстарын екі бетің қызарып, тердің буы бұрқырап жүріп бітіріп тастайсың. Не жұмысғой дейсің? Малға шөп салу, қаша қораның аузын дұрыстап жабу, қоңыр тіршілікғой. Сосын үйге кіріп, жылқының қуырдағы пысқанша қолыңа құйрық майды жағып, қара пешке жылына еттің иісіне балқып отырған ғана...
Қазір қоғамның қаталдығы ызғардан да суық. Ешкім жылынбайды. Үйде отта жақпаймыз. Жағатын үйі де жоқ. Анда-сонда мейірімділігімзді көрсетіп, жақсы көріну үшін өзгенің қолын үрлеп жылтқымыз келетіні бар.
Аялы алақанымыз мұздап жүргенде, жүрегімізде жылылық қайдан болсын...

Малшы болсаңда еңбегің бар. Бағаланады. Көрініп тұрады. Сонау қыстаудың түбінде тұрсаңда мемлекеттен орден алғаның көрініп тұр. 100 қойдан 110 қозы табасың.
Бірде Бауыржан атам біреумен сөзге келіп қалған дейді.
Бірде Бауыржан атам біреумен сөзге келіп қалған дейді.
- Сен кімсің?- десе , ана кәрің мен үздік шопанмын,100 қойдан 110 қозы таптырғам деп, - мақтанған екен.
Сонда Баукең атам: 100 қой 110 қозы тапса қошқар қатысты, сенің қатысың қанша дептіғой...
Қазір ше? орден көп. "Құрмет", "Парасат" , "Даңқ"...
Ақ жағаны киіп, жылы креслода отырса да мемлекеттен кеудесіне медалдарды жарқыратқандар көп-ақ. Олар қой туғызып жүрген жоқ. Ауыздарынан жағымпаздықтың сөзін туғызып жүргендер.
Иә, Баукеңдер жоқ. " Мемлекетті тұрғызса халық ел болып тұрғызды, сенің қатысың қанша..?"- дейтін...

Осындай қысқа таман бір ағайындар келіп қалатын. Азын аулақ малын қыстатып беруін өтінген бұйымтаймен. Әрине, ақысына бірнеше бас малыңды ал дейтін...
Қазір бізге шет елден біраз "ағайындар" келіп жүр. Оларда бар малын инвестицияға салып қыстатқысы келеді. Бірақ олар сол үшін өзіңнен ақы алатын тәрізді.
Қандай қойшымыз өзі?
Қазір бізге шет елден біраз "ағайындар" келіп жүр. Оларда бар малын инвестицияға салып қыстатқысы келеді. Бірақ олар сол үшін өзіңнен ақы алатын тәрізді.
Қандай қойшымыз өзі?
Үйге келген қонақ құр кетпейтін. Алмаймын десе де артынан қуып барып, түйілген құрт ірімшікті, тәтті тәбізді қойнына тығып береді. Бұл дәстүр. Үйінде "не алып келдің" дейтін бала-шағасы барын біледі.
Қазір бұл үрдіс басқашалау. Көбінесе бұндай "қонақтар" мемлекеттік мекемелерге келіп тұрады. Кетерінде қойны қоншына қағаздарды тығып береді. Бірақ балалары "не алып келдің"- демейді. Десе әйелі болмаса бастығы айтуы мүмкін...

Бала кезімде ойыншық деген жоқ болды. Бірақ ата-аналарымыздың ыстық ықыласы мен мейірімі ерекше еді. Жоқтан барды жасайтын. Бары ағаштан жасалған машинаны сүйреу, таяқты ат қылып міну, темірден тіркемелі көліктерді жасап ойнаушы едік...
Қазір ойыншықтың не бірі бар. Иә, ешкімнен қалмасын деп мүмкіндігінше барын алып береміз. Бірақ, мейірім мен ықыласымызды азайтып алдық. Оларда бар болмай-ақ қойсын. Біздің берер рухани азығымыз бен мейіріміз бар болсын!!!

Анам: "Бауырсағы бар үйде бәрі бар, шүкірлік ету керек" дейтін.
Қазір бізде Нақты қадамдарымыз бен Ұлт жоспарымыз бар. Шүкірлік ету керек. Бірақ бауырсақты бәрі пысыра бермейді...
Қазір бізде Нақты қадамдарымыз бен Ұлт жоспарымыз бар. Шүкірлік ету керек. Бірақ бауырсақты бәрі пысыра бермейді...
Терінің жүнін қырып, таспа тіліп жатыр. Ол ерге байланатын қанжыға. Иә, қазақтың қанжығасы әрдайым майлы еді.
Қазір біреулер біреудің жонынан "таспа" тіліп жүр. Біреудің көз жасына майланған қанжығалар көп-ақ...
Қазір біреулер біреудің жонынан "таспа" тіліп жүр. Біреудің көз жасына майланған қанжығалар көп-ақ...
Аңқау заманда түлкі тымақ кию сән еді.
Қазір өзіміз түлкіге айналып бара жатырмыз. Бірақ, аңқау болып көріну сән...
Қазір өзіміз түлкіге айналып бара жатырмыз. Бірақ, аңқау болып көріну сән...
Жіліктің майын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Кешкісін осыған таласып, төбелес шығып қалатын кезде болады. Көп балалы үйдің балалары тіпті бұл майды жеуге кезекке тұратынды. Жаздағы жас малдың жілік майы ақшыл, нәрлі, күштілеу келеді. Күзгі сойылған малдың жілік майы қоңырлау, тәтті, тез қатқыш келетін. Ал, көктемге жеткен сүрі еттің жілік майы сарғыш, жылтыр тым майлы болып кетет....
Қазір жоғарыға шығып алып ет жейтіндер бала болып кеткен. Біздің майымызды шақпай-ақ таласып сорып жатыр...
Сол үшін төбелесте болып қалатыны ып-ырас.
Қазір жоғарыға шығып алып ет жейтіндер бала болып кеткен. Біздің майымызды шақпай-ақ таласып сорып жатыр...
Сол үшін төбелесте болып қалатыны ып-ырас.
Малға ғана қамшы көтеретін қазақ едік.
Қазір өзіңе мал үшін қамшы көтерткен заман-ай...
Қазір өзіңе мал үшін қамшы көтерткен заман-ай...
Жоқ іздеп жүргем жоқ. Барымды түгендеп жүрмін. Алыста қалғандардың төбесін көргің келеді. Төртеу түгел болса төбедегі келмейме?
Шәйім қазақылығым, қонақжайлығым, кеңпейілдіктен қызара бөрткенім...
Қазір жоқ іздеп жүргеміз жоқ. Төбеге ұмтылып жүрміз. Шамамыз келсе биіктен көрініп қалғымыз келеді. Төртеуді түгендемек түгіл бір шыны шәйді бөлісе алмай қу жалғанда...
Иә, Алтау ала болса ауыздағы кетеді...