четверг, 27 октября 2016 г.

Моңғолия қазақтарының көшпенді бейнесі

Бай-Өлкедегі аядай ұйып, сал-дәстүрімен тыныштықта еркін өмір сүріп отырған ағайындардың көшпенді бейнесі.Суретші емеспін, көзге ілінген кадрлар.
Жалпы осындай қазақы бейнелерді көргіңіз келсе https://www.facebook.com/nurik.khanagat жазылып, қарай жүріңіз.










































пятница, 21 октября 2016 г.

Мектепке "Ұлы көш" пәнін еңгізу керек.

Шеттегі ағайындарды оралман емес "ағайын" деп атауға ұсыныпты. Дейтіндер деп жүрғой. Деме демейсің деседе десесі:
Шеттегі оралмандар десе бүгінгі таңда көбінің көзіне түйемен көшіп жүрген қазақтар елестеп кетеді. 













Бұл сол ағайындарды танытуға ат салысқан бренд іспеттес. Жақсы солай атайтын болайық, талап кетейік. Бірақ ештеме өзгермейді. Сол оралман атауы сол күйі қала бермек. Егерде бүйтпесек... Дүние танымы қазақы жандар әрине, бұған дейін де өзінің бауырластығымен қандасым, қазағым, ағайыным деп келген , дей береді де. 
Бұрын да айтып едім. Тәуелсіздікпен құрдас жастардан бергісі көбісі шеттегі ағайындардан мүлде бейхабар. Жұрттан естігені "қашқан, көшкен" т.б қаңқу өсек аяң, жеткіліксіз ақпараттармен ғана құлақдар. 
Қайдан келгеніңді айтсаң "Ұлтың қазақпа?" деп сұрайды. Сосын сендердің аталарың "сатқан" дегеннен басталып, жаға ұстасуға дейін барып қаласың. 
Қысқасы әлемнің отыздан асқан еліндегі ағайындар туралы білетін жас буын тым аз. Олар сонда қайдан "ағайыным" деп айтады?
Тіпті Қазақстан тарихынан да дұрыс ақпарат таба алмайсың. Жас буын мен жат бауырда өскен жастарыңды ағайын деп табыстырғың келсе ұлы көш тарихын мектептен үйретуден бастау керек. 


Тіпті "Ұлы көш" деген пән еңгізу қажет. Бұл көштің жолында қаншама тарих, қаншама дәстүр, қаншама қилы қазақтың тағдыры жатыр. Ұлы көштің ізіндегі әлемге тараған тарыдай шашылған қазақтың қаны мен жанын, дәстүрін оқу қазақтың екінші тарихы. Ол көшпенді салтымыздың жеке тарихы болар едіғой. Солай ғана оқытсақ әр ұрпақ, әр қазақ бір-бірін ағайыным, қандасым дер еді-ау..