вторник, 30 августа 2016 г.
среда, 24 августа 2016 г.
понедельник, 15 августа 2016 г.
Бай-Өлке. Жайлаудан үзінді...
Таудағы жайлауға бара
жатқанбыз. Көлік ішіндегі адамдар жөн сұрасып танысып келе жатыр. Бір апа бір
жастау келіншектің қайда келін болып түскенін біле алмай әуре болды.
Бар кінә келіннің қайын атасын, қайын ағаларының атын айтпағандығы...
Міне, Бай-Өлке дәстүрі...
Бар кінә келіннің қайын атасын, қайын ағаларының атын айтпағандығы...
Міне, Бай-Өлке дәстүрі...
Сонымен жазғы демалыста дәм тартып туған жер Бай-Өлкеге аттандым.
Бай-Өлкенің жай күйін күнделікті ақпарат құралдарынан естіп біліп отырсыздар.
Сабақтар әңгіме аталмыш қала емес, таудағы жайлау туралы болмақ. Жаз деген
көшпенді қазақтың ең сүйікті мезгіліғой. Етегін түре, жайлауға үдіре көшіп, әр
сайды иелене қоныстанған қазақ ауылы айдындағы аққудай анандайдан айқындалып
тұрады.
Жайлауға келген күні ертең Ермектің ауылы той жасайды,- деп тайлы тұяғы өздерінше абыр-сабыр болып жатыр екен.
Ертесін шайға деп бірнеше сарлық сиырды сауды да, барлық түлікті өріске қоя
берді.
Ол күнгі қойшылар да өздерінше одақ бола қалыпты.
Барлық қойларды қосып
бір беткейге өрітіп жіберіп, кезекпен қарап тұруға пәтуаласыпты. Жездеміз
баптап отырған жүйрікті есік алдына әкеліп құйрық жалын тарап, буып батасын
айтып той болатын үйге тіркеуге жіберттік.
Біз жездем екеміз сабадағы бар
қымызды бос ыдыстарға құйып тастадық. Той
болатын үйге апарамыз деді.
-
- Қалалықтарша летірін қаншадан саттың?- деп қалыдым
- - Шырағым биені жайлауға байлағанда қымыз сатылмайды, той
болатын үйге адамдар көп келеді бәріміз осылай көмек етеміз,- дегенде жездем
болса да қысылып қалдым.
Той болатын үйге келдік. Тойы не десем бір баласы оқуға түскен соны жумақшы
екен. Бір мезетте ойдан қардан ат көліктер жинала бастады. Әуелі үлкендеге
сәлемдесіп құтты болсын айтып шәй ішіп шықтық.
Сыртқа шығып қыратты бойладым да
етекке көз жүгірттім. Бір жақта кежім жапқан бәйгеге дайын тыпыршып тұрған
жүйріктер жиналып қалыпты. Шағын болса да бір таудың қуысында өздерінше ел.
Осындай ортадан көшіп атамекеніне оралған қандастардан «Ұлты қазақ деген
анықтаманы сұратқан біздің билікте ес барма»- екен деп іштей бір кіжініп алдым.
Бір кезде Тука айтпақшы кім бар ей? Кім бар? Айтыс емес күрес басталады, күрес деді. Бұл жақтағы қандастар күресті моңғол
күрес түрімен күреседі. Ірілі ұсақты қазақтың қара домалақтары билеп шыға
жөнелді.
Балуандар екі жаққа бөлініп алды да кезектеп күресті-ай шіркін.
Арасында «ақырын жық ә, шалбардың ауын жыртпа» деген күбірлер де естіліп қалды.
Бір кезде оң жақ қапталдағы қымыз ішіп отырғандар «Шыңында өстім Алтайдың,
аааааййй»-деп ауылдың алты ауызына салды-ай келіп.
Балуандар бітіп тағайындалған жүлдені қариялар тілегін айтып таратқасын
етке бас қойдық.
Үлкені батадан қайырып, ет үстінде шөптің науқаны мен малдың
семіздігі, жердің көктеуі жайлы сөз қылысты.
Артынша шынылап сорпалар ішілгесін,
той иесі қымыз әкеліңдер,- деді. Тегенемен шүпілдетіп қымыздарды алып келгенде киіз үйді қымыздың қытымыр әдемі исі
мұрынды қытықтап әкетті. Пай, шіркін жарықтықтың иісін ай,-деді шыдамай біреуі.
Қымыз ішіліп болғасын тойшылар бәйге төбеге баруы тиіс қымыз үсті пәленше мен
түгеншелердің жүйрік аттары туралы сөз қыла отырып қымызды тегенелетіп төңкеріп
тастады.
Лезде бәрі қызара бөртіп даурығып шыға келді. Мен ананың аузына бір,
мынаның түріне бір қарап іштей таңдана, сүйсіне қарап отырдым. Өзім осындай
ортада өссемде қазақтың осындай бір керемет бейнесін көрмеппін. Ет қайтарылып,
қымыз ішіліп бата қайырғасын жапа тармағай бәрі ат көлігін мініп бәйге төбеге
қарай кетті. Біз шабатын аттарыды айдап етекке қарай кеттік.
Он шақырымдай жерге атарды апарып тізімдеп көмбеге
қарай жүйткіттік. Ә, дегенде-ақ шиыршық
атып тұрған бірнеше тұлпарлар алға қарай оқ бойы шыға келді.
Балалар қиқуы мен
аттардың дүбіріне ере бізде көмбеге бет алдық. Айналасы он бес минутқа жетер
жетпес уақыт ішінде көмбеге де іліндік. Алда қиқулаған қазақтар. Көбісі ырыммен
бірінші келген аттың терін алып қалуға артынан ерді. Қара терге түскен аттардың
бірін тоқтатпай төбе айналдыра жетеледі.
Той ұйымдастырушылар бәйгелі аттың сыйақыларын беріп тойдың жабылғанын айтты. Күн еңкейіп мал өрістен қайтқан шақ болатын. Бәрінің жүздері балбұл жайнап
үйлеріне қарай кетіп бара жаттыр. Атынан үміт күтіп кейінірек келген аттың
бағын бүрсігүні болатын Болаттың ауылындағы
тойға сынамақ екенін айтып жатты. Жездем
қосқан ат тоғызыншы орында келді.
Атқа шапқан жиенім: Мына, торы басын алып қашып келді, әйтесе алдыңғы
орынға кіргендей едім,-деп қояды.
Таңертең өрісте қойды қосып тастаған қойшылардың қой бөле алмай әуре болып
жатқан дыбыстарынан басқа шу жоқ, батыстан қызарып күн батып бара жатыры...
Ертесін аттанарда әпкем сандықтағы
жармасы мен қатқан сүрісін түйіп аттандырып салыды.
Жат елдің сахарасын еркін
билеп, көсіле шапқан ұаймағы бұзылмаған қандастарымда арман жоқ-ау сірә...?
Әңгімеге тұздық тойдағы бейне көріністер. Бейне баяндағы ән Жорға тай әнінің алғашқы нұсқасы
Моңғолиядағы қандастардың тұрмыс тіршілігі, салт-дәстүр туралы суреттерді көргіңіз келсе @bai_olke инстаграм парақшасы сонымен қатар https://www.facebook.com/nurik.khanagat фейсбүк парақшасын қарай жүрсеңіз болғаны..
Подписаться на:
Сообщения (Atom)