среда, 15 июня 2016 г.

Бай-Өлке, Жайлаудағы той




Жайлау... Кеш..

Ауылда той. Анандайдан әндер естіледі.
"Қайран заман, асау құлын секілді байланбаған-ай"..
Даланы жас еттің иісі кезіп жүр. Сол ет жақта қолында пышағы бар күйеулер жүредіғой. Сені көре қалса "Біз байғұс міне осы, пеш жақтан шықпаймыз болмаса бірлерің де жоқ"- деп мүсәпірси қалатыны бар. "Иә, соны айтам тіпті"- деп анандайдан шәй қайнатып жүрген жеңгелеріміз күңкілдеп қалады.

Біз секілді боқмұрындар осылай кіреберіске отырып алып, біртіндеп дастарханға қарай жақындай береміз. Екі көзіміз әншіде. Сосын дастархандағы кәмпитте. Үй иесі теріс қарағанда дастархандағы кәмпитті бүркітше түйіліп келіп іліп аламыз да, қалтаға сүңгітіп жібереміз. Қойшы болса да ауылда бір мықты әнші болады. Терме, қиссаларды нақышына келтіріп орындайды.Кез-келген той-томалақта оны шақыртып алады. Ондайда ол кісі "Ереке, Нұреке" болатыны сөзсіз. Менде осы жігіт тәрізді әнші болғым келді. Мені де осылай сыйлайды деп ойлайтынмын. Арасында әннің қайырмасына келгенде "Ааааа, ыыыы, еейййй"-деп бір ыңырсып хормер көтеріп беретініміз бар.
Тыныш, бейбіт өмірдің аспанындағы керемет, ұмытылмас тойлар еді. Адамдардың пейілді де, тілегі де өзгеше еді.

воскресенье, 5 июня 2016 г.

Ұлы дала өндірісі. Іркіт пісіп, құрт алу

Құрт-  қазақтың ұлттық тағамдарының  бірі. Өзіндік мыңдаған жылдық тарихы бар көне  тағам бүгінде әлі қазақ дастарханынан түскен емес.  Бірақ ендігі өсіп келе жатқан кейбір ұрпақ құрттың жасалу жолдарынан мүлдем хабарыз екен. Әлеуметтік  желідегі жарияланған суреттерді көргендер қайнатылып жатқан құрт және қатты құрттарды қалай жасайды?-  деген  сұрақтар ізімен өзімше жиналған суреттермен тұздықтап,  көргенімді бүй деп жазып қояйын дедім.
Сонымен барлық ақ тағамдардың  негізгі нәрі ол- сүттен бастау алатыны анық. Әр таңда жайлауда түндікті ашып,  аналарымыз  сиырды   сауып, біз оянғанда шәйді дайындап қоятынды.