Өткенде Бекболат Тілеухан айтып еді. Назарбаев негізі "мужик" жігітғой деп. Теміртауда жыртып жүрген....
Себебі Қытай мен жер бекітуге келіссөзге барғанда бір қытай президенттің қолын қағып жібереді- мыс. Біздің президент ашуланбай, эмоциясын жасырып, тып- тыныш кете барады да келіссөзді сәтті аяқтайды. Егер сол арада эмоциясын ұстай алмай шу шығарса жерге қатысты келіссөз де сәтсіз аяқталар еді. Қытайға керегі де сол болған деседі. Көрдіңізбе? Қандай "мужик" жігіт. Ол жерде оның эмоцисы бес тиын, үйткені оның артында Алаштың жүгі тұр деді,- олаhи-билahи..Сенбесеңіз қараңыз
https://www.youtube.com/watch?v=pKHmFiZPx2k
Айтпағым негізі бізде ауылда күресіп жүрген " мужик" жігіттермізғой.
Ағайын , Жер дауына байланысты әр жерде митингтер болса сіз алаңға барсаңыз сіз де өз эмоцияңызды біздің елбасы тәрізді ұстаңызшы. Ол жерде арандатушы, шу шығарғыштар болуы мүмкін. Сізге айтақтауы, қол көтеруі, боқтауы немесе басқада қайшы әрекеттерге итермелеуі ықтимал. Мүмкіндік болса ондайлардан айланып қашып кетіңізші. Сіздің сол арадағы эмоцияңыз бір Алаштың тағдырына тірелуі бек мүмкін. Ол жерде сіз екеміздің өр мінез эмоциямыз бес тиын. Себебі артымызда Қазақ тағдыры тұр. Сіздің, біздің айтар талабымыз, жер мен тіл мәселесі ғана. Сіз де елбасы тәрізді эмоцияңызды жинап тастап Қазақтың ертеңгі күнін ойлаңыз. Білем сіздің Теміртауда болмаса да өз ауылыңызда күресіп, төбелесіп жүрген "мужик" екеніңізді. Бәріміз өз даламыздың еркін президентімізғой. Бізде болашаққа ана кісі сияқты үлгі болайық та енді. Ел аман болсын!!!