вторник, 12 января 2016 г.

Клоут рейтингі немесе әлеуметтік белсенділік



Бүгін де бірғана адамның басында бір емес бірнеше әлеуметтік желі бар. Әрине оның негізгі үштігі Инстаграм, Фейсбүүк және Твиттер қалғаны блогтұғырлық парақша тағы басқа да көп қолдана бермейтін желілер. 
Әңгіменің әлқиссасы http://kaznet.me/rating болып тұр. 

Әлеуметтік желідегі біраз белсенділер осында рейтингісін анықтап, орындарын жайғастырып алды. Неткен батпан құйрық деп, тамырын басып көріп ем, бүйі былай болды.
Бұл дегеніңіз сіздің әлеуметтік желідегі қаншалықты белсендігіңізді көрсететін ұпайлық жүйе. Ал, ол рейтингті сіз қолданатын барлық  әлеуметтік желілерді бір жүйеге жинақтап, ортақ бал шығаратын https://klout.com  сайты анықтайды.
Сонымен ең әуелі сіз https://klout.com сайытына кіресіз.  Тіркелу үшін  Фейсбүүк немесе твиттер желісі арқылы кіре аласыз. 







Сол сәттен бастап сіздің алғашқы әлеуметтік желіңіздің клоуттық рейтингісі шыға келеді. Бұл төмен бірден ондық балды көрсетуі мүмкін.














 Мұнда төменде баптаулар Settings бөліміне өтіп,  бірінші өзіңіздің ақпараттарыңызды еңгізгесін Network бөлімінде бүгіңгі таңдағы қолданыста бар әлеуметтік желілердің қайсында барсыз соларға өтіп (connect )  өзіңіздің  мекен-жай ақпаратын еңгізсеңіз болғаны.














Барлық әлеуметтік желілер тіркелгесін  бірден барлығының жиынтық балдық рейтингісін шығармайды. Бұл 72 сағат ішінде жүзеге асуы мүмкін.
Мұнда сіз тіркелген сәттен бастап қаншалықты бал жинағаныңызбен белсенділігіңізді көрсетіп отырады. Негізі қай әлеуметтік желіде басымсыз соның пайыздық  көрсеткіші  үстем  болатын тәрізді.




 Енді біздегі  http://kaznet.me/rating    рейтингісі тек  твиттердегі  логинменғана анықталады. Ол үшін сіздің твиттеріңіз фейсбүүк немесе басқада бір әлеуметтік желінің біреуімен байланысып құда керек. Мендегі твиттер бұрын жеке "отауда" болғанда  рейтингті өте төмен көрсетті. Кейін твиттерді қолданып жүрген Фейсбүүк парақшама жалғап едім Қазнеттегі рейтингі 3200 ден 60 орынға жайғасты.
Ал фейсбүүк пен твиттерді құда болдыру үшін  https://www.facebook.com/twitter   осы сілтемеге өтсеңіз автоматты түрде қосылады.


  Төмендегі сілтемеге өтіп нұсқаулықпен танысыңыз.
 http://magdamagla.com/tips/kak-svyazat-twitter-akkaunt-so-stranicej-facebook/ 
 
Осы сілтеме әзіргі қолданыстағы твиттерге жалғамай басқа жаңа парақша ашуы мүмкін. Оны өшіріңізде тағы бір мәрте көріңіз. Менде үшінші рет көргенде екеуі тамыр құда болды. Ақыл айтқан емес, әлеуметтік желіде бұны қалай жасайды деген сұрақтар болғасын бүй дегенім. Менің кемшін түсінігімді сізде толықтырсаңыз болады. Әлеуметтік желіде белсенді болыңыз