Маужыраған мамырда
артта қалып барады. Иә, бұл- биылғы
жылдың соңғы көктемі. Көктемде қазекемнің еңсесі бір гүлдеп қалушы еді. Ауыр
қыстан мұздана шыққан қараша көктемнің бір жылулығын күтетінді. Деседе биылғы
көктем қазақ даласы үшін тым ауыр болды. Арт- артынан бір сұм жаңалықтар орын
алып жатты. Әлеуметтік желіде бір шулап қоя бердік. Әрине әлеумет ортаның
оңалуын, тыныштықтың түзу болуы үшін жар салады-да.
Қазаекем барын бауырына басып, тапқаны тамағына жетсе
ешкімге алақанын жәймайдығой. Әйтседе көктемнің басы бірақ күнде тасқын сумен
ауыл қарашасының баспанасын, бар жоғын
тып типыл еттіде, өкіметке қол жәйғызып қойды.

Сәуірдің ортасы Қазақ елі
рекордтық деңгеймен әлемге бір танылдық.
Кезектен тыс жұрт елбасымызды
сайладық. Суға кеткен құжаттарымызды таба алмасақта әйтеу қараша елбасына
«адал» пікірін берді.
Біреу тойға айланғанда,біреу қойға айланады деген.
Сайлаумен дыр болып жүргенде «байқамай» Алматыдағы Адем сауда орталығын өртеп
алдық.

Сайлаудың қойылымына 5 жарым млрд тенге шашып едік, Адем сауда
орталығындағы өртте 5,3 млрд тенгені шығын етіп «шаша» салды. 1,5 мың адам
тағыда өкіметке алақан жәйіп қалды.
Адам аман болса бәрі боладығой дейтін шүкіршіл қазекем артынша ең сүйікті әншісі Батырхан Шүкенов ағадан қапыда айырылып қалды. Жақсының ізі, аты өлмейтінін халық қалаулыларыда сол кездегі әншісін жоқтаған, қоштасқан қарашаның бейнесін көрді.
Бәлкім жақсының
жақсылығын айтып ақтық сапарға шығарып салған қараша талай адамға ой салған
болар.
Қапыдағы өлім қарашаның қабырғасын қалай қайыстыратынын білетін кей адамдар өз өмірін өзі қиа салады екенғой. Ел төңірегінде әрбір жерлерде өз-өзіне қол жұмсағандарды естіп жағамызды ұстадық. Олар- әлсіз, қорқақ, шыдамсыз дедік.
Алайда оның артында осыған
мәжбүрлеп тұрған тәрбиенің жоқтығын, орыстанған ортаның ылаңын, психологиялық
жұмыстың төмендігін білсекте, тіс жара алмадық.
Өлгендер қайтып келмейді-ау. Өлтіргендерді қайтеміз. Бесіктен белі шықпаған екі сәбиді өлтіріп, зорлапты дегенді естігенде жанымыз шығып кете жаздадық. Әлеуметтік желідегі кей жұрт мұндайларға өлім жазасы керек дедікте қойдық. Дәл біреудің тоқалына барып таяқ жеген Әлібиге жанымыз ашығандай бейкүнә сәбилерге жанымыз аши алмады.
Иә, Қазақстанда педофилдік белең алып барады. Өткендегі үйдің
кіре берісіндегі қызға арам ойын асырмақ болған азғынның айтқаны “Қыздар тар, қысқа
киім киеді, көзіме елестеп кетті....”
Біздің мектепке
баратын оқушылардың өзі тізеден жоғары киеді, көшедеглердің лыпысы не басына,
не аяғына жетпейді.Ашы судың жетегіндегілерді сайтан өзі-ақ түртпейме? Әке
болсаңыз, ана болсаңыз дұзыңыздың лыпысы бүтін болсыншы. Қазақ даласының әр
жолдарында күнде көлік апаты, өлім. Бергісі
мас әйелдің бала бақшадағы бүлдіршіндерді қағып, біреуін жазым етуі.
Міне мамыр бітуге
таяғанда қазақтың киелі киігі беймәлім жағдайда теңкиіп өліп жатыр. Санының өзі
адам шошырлық, жаңыларлық. 90 мыңға таяу жануардың өлуі тым қорқынышты.
Желідегі
жұрт протон, гептилдің зиянды қалдықтарымен байланыстырып жатырмыз. Әрине өкімет
мұны жоққа шығарады. Былтыр қыста осы гептилдің зияны бірнеше жылдан кейін жер
асты сулары, топырақпен араласып пайда болады деп бірнеше жігіттер жар салып
еді.
Наразылық акциясын өткізіп, гептилдің ұшуын тоқтатуды талап еткен
азаматтардың өзін қамап еді.
Нәтижесі. 90 мыңға жуық киіктің өлуі.
Апат айтып
келмейдіғой. Жазымыштан озымыш жоқ. Әйтседе адамдардың кесірінен біреудің зар
жылауы қолдан жасалған зұлмат. Жадырап жаз келе жатыр, жақсылығымен мол тәттілігін әкелсін! Әлеуметтік желіде қоғамдағы әр оқиға талқылануы тиіс, қажетінше талап етілуі тиіс. Тірі жүрудің, өмір сүрудің өзі-тәрбиеде. Қалай
болмасын осы көктем Қазақтың даласын бір күңірентті. Ауыр көктем...